№ 14 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ ҚАЙЫРГЕЛДИНА САЯГҮЛ АЙДАРҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Выборы 2024, Новости Щучинска, Общество 3 062

Мен, Қайыргелдина Саягүл Айдарқызы 1973 жылы 9 тамызда Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка кентінде дүниеге келдім.

1995 жыл – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірдім. Білім бойынша мамандығым – «Биология және химия пәнінің мұғалімі».

2010 жыл – Еуразия гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім.

2014 жыл – Халықаралық қалпына келтіру медицинасы университеті, Мәскеу қ. Денсаулық сақтау департаментінің қалпына келтіру және спорттық медицинаның Мәскеу ғылыми-практикалық орталығы – «Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту» мамандығы бойынша («Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту).

2017 жыл – «Астана» медицина университеті – «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша.

«Гигиена» мамандығы бойынша Phd докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының профессоры атағым бар.

Келесі медальдар мен төсбелгілердің иегерімін ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісі, ҚР БҒМ «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «ҚР ПІБ Медициналық орталығының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі, «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі, «Еңбек даңқы» төсбелгісі, «Еңбек Озаты» төсбелгісі.

Ғылыми басылымдардағы 51 мақаланың, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған 1 оқулықтың, 2 ғылыми өнертабыстың, 4 авторлық патенттің, Қазақстан курорттарына арналған 1 монографияның авторымын.

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Курорттық қауымдастығының президенті, ҚР ДСМ бас штаттан тыс курортологымын.

1990 жылдан бастап еңбек жолын Қарағанды облысы Нұра ауданы №3 Киев ОМ тәрбиешісі лауазымында бастадым. Бұдан әрі есептеу-кредиттік техникум комсомол комитетінің хатшысы, Қарағанды политехникалық институтының материалдарға төзімділік кафедрасының зертханашысы, аға зертханашы, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ физиология кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істедім. Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының аға оқытушысы, доценті, Астана қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының инновациялар бөлімінің маманы, «Астана» Медицина Университеті» АҚ спорттық медицина курсымен профилактикалық медицина және тамақтану кафедрасының доценті.

2010-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ халықаралық медициналық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері, бастығы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ғылыми-клиникалық кеңесінің ғылыми хатшысы, ғылыми, инновациялық және білім беру қызметі бөлімінің бас сарапшысы, бас менеджері, бастығы, АҚ президенті.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы санаторийлер өкілдігінің басшысы.

2021-2022 жылдары – «Қарағанды Медицина Университеті» КеАҚ Кәсіптік денсаулық клиникасы курортология орталығының басшысы.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК директорымын.

Менің өмірім мен мансабым жетістіктерге және қоғамға қызмет етуге толы. Осы тәжірибенің арқасында мен еліміздегі денсаулық сақтау, білім беру және қоғамдық өмірді дамытуға қосқан үлесімді мақтан тұтамын.

___________________

Құрметті сайлаушылар!

Мен ұсынатын сайлауалды бағдарлама «AMANAT» партиясы қойған нақты іс-қимылдар мен міндеттерді іске асыруға бағытталған.

Өмірлік ұстанымым: «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ҮШІН!».

Сайлау округі азаматтарының мүдделерін қорғауға дайын екенімді білдіремін.

Депутаттың міндеті сайлаушылардың мүдделеріне сәйкес әрекет ету екенін түсінемін.

Сіздің сеніміңіз бен қолдауыңызға шын жүректен үміттенемін!

Менің мақсатым – Зеленобор ауылдық округінің тұрғындары үшін жайлы, қолжетімді және қауіпсіз жағдай жасау.

Мыналарды іске асыруға бар күш-жігерім мен білімімді жұмсаймын:

  • «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын іске асыру, ауылдық округтің егде жастағы тұрғындарын емдеу және денсаулығын қалпына келтіру және оларға лайықты әлеуметтік қызмет көрсету;
  • мүгедектігі бар адамдар, көп балалы отбасылар үшін қолайлы, қолжетімді және қауіпсіз жағдайлар жасау;
  • отбасыларға және жекелеген азаматтарға, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге көмек көрсету;
  • ауылдық округтің еңбек ұжымдарына қолдау көрсету және олардың мүдделерін қорғау;
  • округтің елді мекендерін абаттандыру бойынша іс-шаралар мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтер көрсетудің тұрақты мониторингін жүргізу.

 

Округ үшін менің жұмысымның негізгі бағыттары:

Денсаулық сақтау саласы:

  • Округтегі балалар мен егде жастағы тұрғындардың денсаулығын қалпына келтіру, емдеу мәселелерін шешу бойынша жұмыс;
  • Мүгедектігі бар адамдар, көп балалы отбасылар және жекелеген азаматтар, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер үшін қолайлы, қолжетімді және қауіпсіз жағдайлар жасау жөніндегі жұмыс.

Білім беру саласы:

  • Мектептерде орын тапшылығы проблемаларын шешу бойынша ұсыныстар енгізу;
  • 1968-1980 жылдары салынған мектеп ғимараттарын күрделі жөндеуге қаражат бөлу жұмысы.

Сумен жабдықтау саласында:

  • Наурызбай Батыр ауылында белгіленген мерзімде су құбыры құрылысын аяқтау;
  • Молбаза ауылында су құбырын салу;
  • Қымызынай ауылындағы су құбыры бойынша ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлу жұмысына қатысу.

Көшені жарықтандыру саласында:

  • Қымызынай, Жаңаталап, Мәдениет ауылдарында белгіленген мерзімде жарықтандыру жұмыстарын аяқтау.

Мәдениет саласында:

  • Зеленый Бор ауылындағы Мәдениет үйіне белгіленген мерзімде сапалы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау.

Спортты дамыту саласында:

  • Мәдениет ауылында спорт кешенінің құрылысын белгіленген мерзімде аяқтау;
  • Қымызынай және Жаңаталап ауылдарында балалар мен спорттық көпфункционалды алаңдарды орнату бойынша жұмыс.

Мен сіздің мәселелеріңізді шешуге берік және дәйекті түрде ұмтыламын.

Жинақталған өмірлік әрі еңбек тәжірибем сіздермен бірге міндеттерді сәтті шешуге және жерлестерімнің мүдделерін қорғауға көмектеседі деп үміттенемін.

Адамға қамқорлық жасау және оның мәселелерін шешуге көмектесу – менің басты міндетім!

Әрбір тұрғынды тыңдап, біздің сайлау округімізді дамытуға бар күшімді саламын.

 

 

Бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен.