БЕЗВЕРБНЫЙ ПАВЕЛ НИКОЛАЕВИЧТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Выборы 2024, Новости Щучинска 5 377

№ 8 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР БЕЗВЕРБНЫЙ ПАВЕЛ НИКОЛАЕВИЧТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті сайлаушылар!

Мемлекеттің болашағы жастардың мемлекет өміріне, оның басты бағыттарына қаншалықты жылдам кірісуіне байланысты, мен өз алдыма облыстық депутат ретіндегі қызметім бағытталатын бірқатар міндеттер қойдым.
1. Жас мамандарға кәсіптік қызметін жетілдіру үшін, қажетті мамандықтар бойынша дайындық, қайта даярлау арқылы алғашқы жұмыс орындарында орнығып қалуына жәрдемдесу.
1. Жұмыс істейтін жас отбасыларды тұрғын үй беру кезегінің сақталуын бақылауды күшейту арқылы, сондай-ақ тұрғын үй сатып алу кезінде мемлекеттік қолдау көрсету арқылы Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету;
2. Балалардың бос уақытын қамту нысандары — аулалық клубтар, спорт кешендерін дамыту. Балаларды спортпен айналысуға тарту, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру — қазіргі уақыттың нақты қажеттілігі;
3. Барлық мектептерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге, олардың жаһандануына, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне жәрдем беру;
4. Қала тұрғындарын тасымалдаумен қамтамасыз ететін қаладағы қоғамдық көліктермен мәселелерді шешуді жоспарлаймын.
5. Барлық жол түрлерін жөндеу, ондағы қауіпсіздікті, көшелерді жарықтандыруды бақылауға алу;
6. Ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ашу, ауылдардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жақсарту арқылы ауыл халқының өмір сүру сапасын және оның әл-ауқатын арттыру үшін жағдайлар жасау;

Құрметті сайлаушылар!

Мен Ақмола облысы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сапасын барынша арттыру бағытында қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.
Өз елімнің нағыз патриоты ретінде мен әділ және адал қызмет етемін, тұрғындардың мүддесін қорғаймын. Сіздердің бірде-бір өтініштеріңіз қараусыз қалмайды
Біз бірге барлық көзделген мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенімдімін! Мықты мемлекет құратынымызға сенемін!

 

Ақмола облысы Бурабай ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді