АХАТ – адам өмірінің куәгері — РАГСы – свидетели всей жизни человека

Cтатьи, Новости Щучинска, Общество 581

АХАТ – адам өмірінің куәгері

5 наурыз – Қазақстанда АХАТ қызметкерлері күні атап өтіледі. Осыған орай елордадағы салтанат залында бүгінгі таңда еңбек етіп жатқан қызметкерлер мен ардагерлер, сондай-ақ отбасылық өмірдің мерейтой иелері мен жас жұбайлар жиналды.

Іс-шара барысында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев қызметкерлер мен ардагерлерге олардың өлшеусіз еңбегі, кәсібилігі мен адалдығы үшін алғыс білдірді. Одан кейін ортаға Мендельсон маршының сүйемелдеуімен жарты ғасырлық және ширек ғасырлық отбасылық өмірді артқа тастаған жұптар шақырылды. Оларға «Азаматтарға арналған үкімет елтаңбалы мөрі қойылған неке куәлігінің телнұсқасы табысталды. Өз кезегінде мерейтой иелері отбасылық өмірге қадам басқан жас жанұяға жылулық пен берекені бейнелейтін Отау – киіз үйді сыйға тартты.

«АХАТ қызметкерлерінің жұмысы – қоғам үшін аса маңызды. Мәселен, 2024 жылы 125 544 неке тіркеліп, 388 032 сәбиге туу туралы куәлік берілді. Ал жыл басынан бері 16 023 неке мен 56 629 туу тіркелді. Естеріңізге сала кетейін, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ бөлімдері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қарамағына берілді», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, бұл күні тек елордада ғана емес, бүкіл ел бойынша жүйедегі қызметкерлерді марапаттауға арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Оларға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің, Мемлекеттік қызметтер комитетінің құрмет грамоталары мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасының алғыс хаттары табыс етілді. Жалпы, Қазақстан бойынша 47 қызметкер марапатталды.

Бүгінде еліміздегі АХАТ жүйесінде 825 қызметкер еңбек етеді. Олар мемлекет үшін аса маңызды функция – адамның өміріндегі басты оқиғаларды, соның ішінде тууды, некені, бала асырап алуды және өзге де тіркеулерді қамтамасыз етеді.

 

РАГСы – свидетели всей жизни человека

5 марта в Казахстане отмечают День сотрудников РАГС. В связи с этим в столичном зале торжеств собрались действующие работники и ветераны системы, а также юбиляры семейной жизни и молодожены.

В ходе мероприятия Председатель Правления Госкорпорации Арман Кенжегалиев выразил благодарность сотрудникам и ветеранам за их неоценимый вклад, профессионализм и преданность делу. После этого под марш Мендельсона были приглашены юбиляры семейной жизни с полувековой и четверть вековой историей. Пары получили дубликаты свидетельств о браке с гербовой печатью «Правительства для граждан». Затем они вручили вновь образовавшейся молодой семье Отау – юрту, символизирующую теплый семейный очаг.

«Работа сотрудников РАГС имеет огромное значение для общества. Так, например, в 2024 году нами было зарегистрировано 125 544 брака и выдано 388 032 свидетельства о рождении детей. А с начала текущего года уже оформлено 16 023 брака и 56 629 рождений. Напомню, что отделы РАГС были переданы в ведение Госкорпорации «Правительство для граждан» 1 июля 2023 года», — сказал Председатель Правления НАО «Правительство для граждан» Арман Кенжегалиев.

К слову, в этот день не только в столице, но и по всей стране состоялись торжественные мероприятия, на которых были отмечены действующие работники системы. Им были вручены почетные грамоты Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК, Комитета государственных услуг МЦРИАП и благодарственные письма Председателя Правления НАО «Госкорпорация «Правительство для граждан».  Всего по Казахстану наградили 47 человек.

Отметим, на сегодняшний день в системе РАГС страны трудится 825 сотрудников. Они обеспечивают важнейшую функцию государства — регистрацию таких событий как рождение, брак, усыновление и так далее.