Айжан Сейітқазинаның сайлауалды бағдарламасы
Құрметті сайлаушылар!
Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан құру арқылы мен өзіме аудандық мәслихат депутаты ретіндегі қызметте шешілетін бірқатар мәселелерді қойдым. Менің сайлауалды бағдарламам Бурабай ауданы тұрғындарының мәселелері ескере отырылып жасалынды. Осыған орай мен азаматтардың сенімін ақтауға және ауданымыздың өзекті мәселелерін барынша шешуге жәрдемдесу тырысамын.
1. Щучинск қаласындағы «Щучинский шипажайы» шағын ауданың сумен жабдықтау желісінің құрылысына ықпал ету.
Бұл бағытта жобаға сараптама жүргізу қажет. Осыдан кейін шағын ауданды сумен жабдықтау жобасын іске асыруға қаржы бөлу мәселесіне бастама жасау керек.
2. Осы уақытқа дейін «Щучинский шипажайы» шағын ауданының тұрғындарын тасымалдауды қамтамасыз ететін тұрақты қалалық бағдардағы жолаушылар ағыны мәселесі зерттелмеген, бұл тұрғындар тарапынан жиі наразылық тудырады, атап айтқанда, мұның себебі жазғы кезеңде Щучье-Бурабай курорттық аймаққа (ЩБКА) келген туристердің үлкен ағыны әсерінен автобустардың толып кеттуімен байланысты;
3. Щучинск қаласының Сейфуллин, Луначарский, Октябрьская көшелеріндегі автомобиль жолдарын жөндеу.
Өз елімнің нағыз патриоты ретінде мен сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құруға және аудандағы деңгейді төмендетуге ықпал етумен қатар, ауданымыздың бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға ұмтыламын.
Құрметті сайлаушылар!
Мен Бурабай ауданы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.
Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға нақты сенімдімін.
Ақмола облысы Бурабай ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді