Александр Пономаревтің сайлауалды бағдарламасы

Выборы 2024, Новости Щучинска 3 605

Мен, Пономарев Александр Борисович, 1976 ж. 7 наурызда Щучинск қаласында тудым. Ұлтым – неміс. Үйленгенмін, 4 бала тәрбиелеудемін.
Жұмысшылар отбасында дүниеге келдім. Әкем, Пономарев Борис Афанасьевич, (20.05.1950 ж. -15.08.2000 ж.) — тракторшы, анам, Пономарева (Сулейманова) Екатерина Карымовна, (12.08.1952 ж.т.) — агроном, көкөніс өсіру шебері.
Өзімнің отбасым тұрған Оқжетпес ауылының ОМ бітірген соң, еңбек жолымды қызмет көрсету саласында Президент істері басқармасының «Қараөткел» РМК-нда бастадым. Осы салада жұмыс істеп жүріп, мен бай өмірлік тәжірибе жинадым.
Әрі қарай өзімді басқа салада, Қарағанды облысы, Ақтау кентінде «ДАО» ЖШС-нда және «Central Asia Cement» ААҚ-нда экономикалық қауіпсіздік қызметінде сынап көрдім. Әрі қарай өзімді басқа салада, Маңғыстау облысы, Ақтау кентінде ОАҰ және ААҚ «Central Asia Cement» ЖШС-нда экономикалық қауіпсіздік қызметінде сынап көрдім. 2003 жылы сервис және туризм саласына оралып, ПІБ медициналық орталығы «Оқжетпес» клиникалық шипажайында жұмыс істедім. Одан кейін, белгілі бір дәрежеде жинақталған тәжірибеммен «Әлем» отеліне әкімші болып жұмысқа тұрдым, кейін үйлестіруші, отель меңгерушісінің м.а. болып тағайындалдым.
2012-2014 жылдары «Бурабайдағы фин ауылы» құрылысына учаске бастығы ретінде қатыстым, «Артис Құрылыс» ЖШС-нде учаске басшысы болдым.
Менің кәсіптік қасиеттерім және рухани тұлға ретінде қалыптасуым менің Құдайға сенуімнен.
23 жасымнан мені өмірдің мейірімділік пен қатігездік, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері қызықтырды. Қасиетті жазбаларды зерделедім. Осының нәтижесінде менің ой-пікірім қалыптасты, бұл маған өмірдің ауыр кезеңдерінде жүрген, яғни нашақорлық пен алкогольге тәуелді адамдардың тағдырларын ретке келтіруге қатысуға көмектесті.
Менің ниетім олардың мақсаты мен өмірінің мәні бар толыққанды адамдар және өз елінің азаматтары болуына көмектесу. Бұл жұмысты риясыз, жүрегімнің қалауымен істеймін.
2013 жылы пікірлестерімізбен бірге қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдарға арналған оңалту орталығын ұйымдастырдық. Мен, Құдайға және адамдарға қызмет ету — адамның ең маңызды миссиясым деп санаймын.
Сонымен бірге, 2014 жылдан осы күнге дейін дербес бизнес саласында Жеке кәсіпкерлікті қатар алып келемін.
Мен көпұлтты еліміз Қазақстан Республикасының, әрине өз туған жерім — Бурабай кентінің патриотымын. Өзімнің жеке азаматтық ұстанымым үшін 2014 жылы мені халық жергілікті өзін-өзі басқаруға сайлады, ол жерден жақсы тәжірибе алдым. Азаматтар мен билік өзара тығыз байланыста әрекет етсе ғана, ағымдағы мәселелерді шешуде табысты нәтижелерге қол жеткізетініне сенімдімін. Менің шешуші әрекеттер жасауыма басты мотивациям — аудан мәслихатының депутаты ретінде өзімнің адал еңбегіммен қол жеткізгім келетін азаматтарымыздың маған деген сенімі.
Қаламыз бен ауданымыздың мәселелерінің шешілуіне біз тек қана жұмыла отырып оң ықпал жасай аламыз.
Құрметті жерлестер!
Өз сайлауалды бағдарламамда шешуші әрекеттер жасауға басты мотивация — депутаттық міндеттемелерге негізделген азаматтардың сенімі деп санаймын. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғам белсендісі ретінде 9 жылдық тәжірибеме сүйене отырып, мен азаматтардың мүдделеріне әсер ететін мәселелерді шешуге аудан азаматтары мен биліктің тығыз қарым-қатынасы арқылы қол жеткізуге болатындығын түсінемін.
1. Біздің ауданда ЩБКА-ны дамытудың жақсы ойластырылған жоспары әзірленді, оның әрбір тармағын жоспарлы түрде іске асыру қажет.
2. Ауданымыздың қала, кенттер мен ауылдарындағы аулаларды одан әрі реконструкциялау. Балалар алаңы және спорт алаңдарын орнату.
3. Аудандағы көлік жолдары мен тротуарларды абаттандыру және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.
4. Экология мәселелерін шешу. Тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және әрі қарай өтелдеу. Біздің жақ курорттық аймақ болғандықтан, бұл мәселеге ерекше назар аудару керек деп санаймын.
5. Қоғамдық көлік мәселесін шешу, логистиканы ретке келтіру.
6. Қиын өмірлік жағдайдағы адамдардың мәселелерін шешу.
7. Жастарға ерекше көңіл бөлу. Дәстүрлі құндылықтарды насихаттау.
8. Қаладағы иесіз жануарлар мәселесін өркениетті түрде шешу.
Осы бағдарламаны аудан азаматтарымен тікелей сұхбат жүргізе отырып, шынайы мәселелерге сүйене отырып құрдым. Көзделген мақсаттарға біз тек қана бірлесе отырып қол жеткізе аламыз!

Ақмола облысы Бурабай ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді