ЕРЖАНОВ ҒАЛЫМЖАН РАХМЕТҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Выборы 2024, Новости Щучинска 5 174

 

№ 4 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША

БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР

ЕРЖАНОВ ҒАЛЫМЖАН РАХМЕТҰЛЫНЫҢ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Ержанов Ғалымжан Рахметұлы, 1982 жылы 29 шілдеде Қызылорда облысының Жаңақорган кентінде тудым.

Бір жоғары білімім бар: 2005 жылы Алматы қ., жолаушылар тасымалын басқару бойынша Мухамеджан Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірдім.

Еңбек жолымды 2005 жылы Ақмола облысының Жалтыр станциясында пойыздарды құрастырушы болудан бастадым.

Кейін жұмыс жолымды Қазақстан Темір Жолы жүйесінде, Ақмола және Солтүстік Қазақстан аймақтарында әр түрлі лаузымдарда жалғастырдым. Қарапайым жұмысшыдан бастап «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ-ның Ақмола ЖТ бөлімшесі, Бурабай Курорты станциясының басшысына дейінгі жолды өттім.

Үйленгенмін, үш балам (қызым және екі ұлым) бар.

 

Құрметті сайлаушылар!

 

Біздің мақсатымыз – Әділ Қазақстанды құруды –басшылыққа ала отырып, мен өз алдыма облыс мәслихатының депутаты ретіндегі қызметте шешуге бағытталатын бірқатар міндеттер қойдым.

Өзімнің сайлауалды бағдарламамның басымдықтары ретінде:

  1. Білім беру, денсаулық сақтау және спорт мәселелерін шешуге қол жетізу, осы салаларды қаржыландыру мәселелерін шешу, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін және сапасын жақсарту.
  2. Біздің сайлау округінің тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамту мәселелері бойынша қолдау көрсету.
  3. Біздің сайлау округінің аумағында тұратын және жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандарды жұмысқа орналастыру бойынша шараларды жүзеге асыру үшін, олар туралы мәліметтер жинау, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға ат салысу, осы саланы қосымша қаржыландыру мәселелерін шешу, білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласының жас мамандары үшін тұрғын үй мәселелерін шешу жөнінде шаралар қолдану.
  4. Көшелерді, аулаларды абаттандыру және жарықпен қамтамасыз ету мәселелеріне қолғабыс тигізу, коммуналдық сала бойынша мәселелерді шешу үшін «ЖТШ саласын жаһандандыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда белсенді қатысу деген бағыттарды белгіледім.

Менің сайлауалды бағдарламамда көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін және аудан тұрғындарының игілігі үшін өз күшімді аямай жұмыс істеймін! Халқымыздың бірлігі мен ұйымшылдығын нығайтуға тырысамын!

Қорыта келе айтарым: Құрметті сайлаушылар! Біз бірге бар қиындықтардан өтеміз, тек бізге күш пен табандылық керек! Сонда бәрі де болады! Сол себепті, Сіздерден маған және менің ұсынған бағдарламама дауыс берулеріңізді СҰРАЙМЫН!

Сондай-ақ, өз елімнің нағыз патриоты ретінде, сыбайлас жемқорлықтың кез келген белгілеріне «нөлдік» шыдамдылық атмосферасын тудыруға, және Қазақстанда оның деңгейін төмендетуге, Халқымыздың бірлігі мен ұйымшылдығын нығайтуға тырысамын.

Сенімдеріңізге рахмет!

 

Ақмола облысы Бурабай ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді