Казахстанцы за год увеличили свои пенсионные накопления на 1 триллион тенге

Новости Щучинска 1 429

Казахстанцы за год увеличили свои пенсионные накопления на 1 триллион тенге

 

Ключевые показатели ЕНПФ на 1 сентября

 

На 1 сентября 2022 года на счетах вкладчиков Единого накопительного пенсионного фонда сформированы пенсионные накопления на сумму 13,97 трлн тенге.  За год (01.09.2021-01.09.2022 г) сумма выросла на 1,02 трлн тенге или 7,9%.

Основная сумма пенсионных накоплений сформировалась за счёт обязательных пенсионных взносов (ОПВ) и составила 13,6 трлн тенге. Сумма пенсионных накоплений по обязательным профессиональным пенсионным взносам (ОППВ) составила 416,0 млрд тенге, сумма пенсионных накоплений по добровольным пенсионным взносам (ДПВ) составила порядка 3,0 млрд тенге.

Входящие потоки, в частности, взносы в этом году продолжают увеличиваться. За восемь месяцев 2022 года на счета вкладчиков поступили пенсионные взносы в общем объёме порядка 1,1 трлн тенге, что превысило показатель за аналогичный период 2021 года на 29% или на 246,7 млрд тенге. Надо отметить, что рост произошел по всем видам взносов. Из общего объёма взносов 95,3% составляют поступления в ЕНПФ по ОПВ – 1,0 трлн тенге (рост за последние 12 месяцев 29%), по ОППВ поступило 50,1 млрд тенге (рост 37%). 1,6 млрд тенге (рост 293%) было перечислено по ДПВ.

Значительный прирост пенсионных накоплений был обеспечен благодаря чистому инвестиционному доходу, который с 1 января по 1 сентября 2022 года составил 694,7 млрд тенге.

Число индивидуальных пенсионных счетов в ЕНПФ на 1 сентября 2022 составило 12,0 млн единиц. Наибольшее количество счетов открыто по обязательным пенсионным взносам (ОПВ) – 10 907 012 единицы. Количество счетов, сформированных за счёт ОППВ — 581 410 ед., ИПС по учету ДПВ равняется 346 793 ед.

С начала года ЕНПФ выплатил свыше 1 триллиона тенге. Большую часть выплат составили единовременные пенсионные выплаты (ЕПВ) на улучшение жилищных условий и лечение — 868,3 млрд тенге. Выплаты по возрасту составили 75,9 млрд тенге, выплаты по наследству  — 43,2 млрд тенге, выплаты в связи с выездом на ПМЖ за пределы РК — 34,0 млрд тенге, в страховые организации переведено порядка 17,5 млрд тенге, выплаты на погребение — 3,7 млрд тенге и выплаты по инвалидности — 1,6 млрд тенге.

Стоит отметить, что сумма средней ежемесячной выплаты по графику из ЕНПФ (в связи с достижением пенсионного возраста) составила 29 859 тенге, а максимальная сумма ежемесячной выплаты 707 326 тенге.

 

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 1 триллион теңгеге өсті

 

БЖЗҚ-ның 1 қыркүйектегі негізгі көрсеткіштері

 

2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,97 трлн теңге  зейнетақы жинақтары қалыптасты. Бір жыл ішінде (01.09.2021ж. — 01.09.2022 ж.) сома 1,02 трлн теңгеге немесе 7,9 % өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 13,6 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 416,0 млрд теңге, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен  3,0 млрд теңге.

Кіріс ағындары, атап айтқанда, жарналар биыл көбейе түсуде. 2022 жылдың сегіз айында салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 1,1 трлн теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 29% немесе 246,7 млрд теңгеге көп. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек.  Жарналардың жалпы көлемінің 95,3% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды – 1,0 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсім 29%), МКЗЖ бойынша 50,1 млрд теңге (өсім 37%) түссе, ЕЗЖ бойынша 1,6 млрд теңге (өсім 293%) аударылды.

Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі 2022 жылғы 1 қаңтар мен 1 қыркүйегі аралығында шамамен 694,7 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді.

2022 жылдың 1 қыркүйегіне  БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,0 млн бірлікке жетті. Шоттардың ең көп үлесі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды – 10 907 012 бірлік. МКЗЖ бойынша қалыптасқан шоттар 581 410 бірлік болса, ЕЗЖ есебінен қалыптасқан жеке зейнетақы шоттарының саны 346 793 бірлікке жетті.

Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 1 триллион теңгеден асатын сома төледі. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады – 868,3 млрд теңге. Жасына байланысты төлемдер – 75,9 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 43,2 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 34,0 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 17,5 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 3,7 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 1,6 млрд теңге.

Атап кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 859 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге болды.