Құрметті жерлестер, қадірменді бурабайлықтар !

Выборы 2024, Новости Щучинска 3 150

Құрметті жерлестер, қадірменді бурабайлықтар !

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүріп жатыр !

Мен, Джапаров Талғат Құмарұлы Щучье қаласы №5 сайлау окурігі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тұрғындармен кездесіп, өзімнің бағдарламмен таныстыруды жалғастырып жатырмын.
Бірінші, Бурабай ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Атап айтқанда, қала аумақтарын абаттандыру және жолдарды жөндеу, сумен қамтамасыз ету және су сапасын жақсарту, тұрғындар үшін скверлер, саябақтар мен аулаларды жөндеуге, балалар алаңдарын салуға бөлінетін қаржыны ұлғайтуға жәрдемдесу. Сондай-ақ, қала көшелерін жарықтандыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, баспана кезегінде тұрған аз қамтылғандарға үй салу мәселесі де назардан тыс қалмақ емес.

Екіншіден, жастар арасындағы жұмыссыздықпен күрес.

«Бизнес Енбек КZ» бағдарламасы бойынша жастарға кәсіпкерлікпен айналысу үшін гранттар бойынша қаржы бөлуге өз үлесімді қосамын.«Жастар үшін тәжірибе» бағдарламасының тиімділігін арттыру басты мақсатым.
Үшіншіден, ауданда бизнестің өркендеуіне қолдау көрсету.
Төртіншіден, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту арқылы облыс тұрғындарының денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру. Облыстың ауылдық округтерінде ФАП-тар ашылып, дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз етуге көмектесемін.Дәрігер облыста ерекше деңгейде болуы керек деп санаймын
Құрметті сайлаушылар!
Мен Бурабай ауданы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға түсіп отырмын. Сайлауға қатысу- мен үшін барлық жинақталған тәжірибем мен білімімді проблемалық мәселелерді шешуге жұмсауға мүмкіндік береді. Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.

Сайлауға келіңіз ! Маған дауыс беріңіз!

 

Ақмола облысы Бурабай ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді