Казахстанцы получили более 15 миллионов выписок онлайн

Новости Щучинска 600

Казахстанцы получили более 15 миллионов выписок онлайн

 

На 1 сентября 2022 года более 22,3 миллионов услуг оказано Единым накопительным пенсионным фондом вкладчикам и получателям с начала 2022 года.  Из них более 15,2 млн операций проведено в электронном формате, а порядка 5,5 млн – в автоматическом режиме. Таким образом, порядка 92,5% пенсионных услуг казахстанцы получают дистанционно.

Вкладчики ЕНПФ на данный момент буквально в два-три клика могут получить выписку с индивидуального пенсионного счета, внести изменения и дополнения в свои реквизиты, получить справку о наличии ИПС, подать заявление о назначении пенсионных выплат в связи с установлением инвалидности 1 или 2 группы бессрочно, а также по добровольным пенсионным взносам, отслеживать статус заявления на выплату и многое другое. Наиболее популярной услугой у вкладчиков является получение выписки с индивидуального пенсионного счета. На 1 сентября в онлайн формате вкладчики получили более 15 миллионов выписок.

Беззаявительный формат обслуживания предусматривает автоматическое открытие индивидуальных пенсионных счетов по учету обязательных пенсионных взносов (ОПВ), обязательных профессиональных пенсионных взносов (ОППВ) и добровольных пенсионных взносов (ДПВ). Напомним, в случае отсутствия у физического лица в ЕНПФ открытого ИПС, он открывается в информационной системе ЕНПФ автоматически при поступлении первого взноса. При этом идентификация физического лица осуществляется по персональным данным, указанным в электронном формате платежного поручения при перечислении ОПВ, ОППВ или ДПВ. Все необходимые сведения о реквизитах действующего документа и месте проживания вкладчика ЕНПФ получает из информационных систем государственных органов. Таким образом, вкладчикам Фонда в автоматическом режиме оказано порядка 5,5 миллионов услуг.

Для получения некоторых услуг (к примеру, оформления пенсионных выплат по наследству или в связи с выездом на ПМЖ) требуется предоставление оригиналов документов, которые можно предоставить по почте или лично, либо через поверенного в офисе ЕНПФ. Кроме того, есть вкладчики, которые до сих пор предпочитают личное обращение к специалистам Фонда. Поэтому посредством традиционного очного обслуживания в подразделениях ЕНПФ по всему Казахстану вкладчикам и получателям с начала года было оказано более 1 миллиона услуг. Напомним, ближайшее отделение Фонда можно легко уточнить на сайте enpf.kz, либо мобильном приложении ЕНПФ.

В ходе выездного обслуживания проведено порядка 56,5 тыс. операций. Такой вид предоставления услуг Фонда предусмотрен, прежде всего, для вкладчиков (получателей), относящихся к категории социально уязвимых слоев населения (инвалидов 1-й и 2-й группы, имеющих инвалидность бессрочно).

В рамках совместного проекта АО «ЕНПФ» и АО «Казпочта» по предоставлению пенсионных услуг в отдалённых населённых пунктах в отделениях национального почтового оператора вкладчикам фонда на 1 сентября 2022 года в 347 почтовых отделениях было оказано более 7,5 тыс. услуг.

Особое внимание ЕНПФ уделяет предоставлению качественных консультационных услуг и развитию информационных каналов для вкладчиков и получателей Фонда. На 1 сентября 2022 года отработано свыше 612,2 тыс. обращений, полученных по различным каналам коммуникаций с вкладчиками и получателями.

Напоминаем, получить консультацию вкладчики и получатели ЕНПФ могут в call-центре по номеру 1418 (звонок по Казахстану бесплатный), а также на корпоративном сайте enpf.kz, посредством чат-бота в WhatsАpp и Viber по номеру +7 777 000 14 18 и на официальных страницах ЕНПФ в социальных сетях Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники.

 

 

Қазақстандықтар 15 миллионнан аса үзінді көшірмені онлайн алды 

 

2022 жылдың басынан бастап 2022 жылдың 1 қыркүйегіне Брыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар мен алушыларға 22,3 миллионнан астам қызмет көрсетті.  Оның ішінде 15,2 млн-нан астам операция электрондық форматта, шамамен 5,5 млн-ы – автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің шамамен 92,5% қашықтан алды.

БЖЗҚ салымшылары екі-үш батырманы басып-ақ жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме, ЖЗШ-ның бар-жоғы туралы анықтама алып, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіп,  1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы, сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналары бойынша өтініш беріп, төлемге өтініштің мәртебесін қадағалап және т.б. қызмет түрлерін ала алады. Салымшылар үшін ең танымал қызмет — жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салымшылар онлайн форматта 15 миллионнан астам үзінді көшірме алды.

Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу – өтінішсіз қызмет көрсету форматында жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол алғашқы жарна түскенде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ, МКЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер арқылы сәйкестендіріледі. Салымшының қолданыстағы құжатының деректемелері мен тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметті БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша, Қор салымшыларына шамамен 5,5 миллион қызмет автоматты түрде көрсетілді.

Кейбір қызметтерді алу үшін (мысалы, мұрагерлік бойынша немесе тұрақты тұруға шетелге кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін рәсімдеу) құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет, оны пошта арқылы немесе жеке өзі не БЖЗҚ кеңсесінде сенім білдірілген адам арқылы ұсынуға болады. Сонымен қатар, Қор мамандарына көзбе-көз жүгінуді әлі күнге дейін жөн көретін салымшылар да бар. Сондықтан жыл басынан бері БЖЗҚ бөлімшелері арқылы Қазақстан бойынша салымшылар мен алушыларға дәстүрлі түрде 1 миллионнан аса қызмет көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, Қордың жақын жердегі бөлімшесін enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы оңай табуға болады.

Көшпелі қызмет көрсету барысында шамамен 56,5 мың операция жүргізілді. Қордың мұндай қызмет көрсету түрі, ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын (мерзімсіз мүгедектігі бар 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер) салымшыларға (алушылар) арналған.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Қор салымшыларына зейнетақы қызметтерін ұсыну жөніндегі бірлескен жобасы аясында 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 347 пошта бөлімшесінде 7,5 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерін ұсынуға және Қор салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салымшылар мен алушылардан түрлі байланыс арналары арқылы түскен 612,2 мыңнан астам өтініш өңделді.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары байланыс орталығына 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) хабарласып, сондай-ақ, enpf.kz корпоративтік сайты, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber мессенджерлеріндегі чат-бот арқылы, БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында ақыл-кеңес ала алады.