Мемлекеттік корпорацияның АХАТ функциялары ауысқаннан кейінгі жылдың қорытындылары

Новости, Новости Щучинска, Общество 7 348

2023 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа берілді.

Ақмола облысы  филиалында АХАТ-тың 20 дербес бөлімдері құрылып, басшылар тағайындалды. Бүгінгі таңда штатта 61 қызметкер бар.

Осы кезеңде 10 312 туу туралы куәлік тіркелді, 7 160 қайтыс болу туралы куәлік тіркелді, 3 994 неке (ерлі-зайыптылық) қиылды және 827 бұзылды. Халықтың табиғи өсімі 3152 адамды құрады.

2024 жылдың 1 мамырынан бастап денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп перзентханаларда ЖСН тағайындау, сондай-ақ туу туралы куәлік беру бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап неке қиюды салтанатты түрде тіркеу жұмыстары басталды. Біз отбасы институтының беделін жаңартып, жастар арасындағы отбасы беделін арттырудамыз, өйткені Пандемия да осы бағытта өз ізін қалдырды.  Ақмола облысының 10 ауданы мен қаласында неке қиюды салтанатты жағдайда орыс тілінде де, мемлекеттік тілде де тіркеуге болады. Бірте-бірте әр бөлімде неке қию рәсімін салтанатты жағдайда өткізуге жағдай жасалады.

Отбасылық өмірдің мерейтойлары елеусіз қалмайды, Қазақстандық отбасы күніне, Наурыз мерекесіне және т.б. мерекелік шаралар өткізілді

Республика күніне орай мереке қарсаңында дүниеге келгендерге туу туралы куәліктерді салтанатты түрде табыс ету бойынша челлендж өткіздік.

1 жылды қорытындылай келе, атқарылған істер аз емес, алда әлі де үлкен міндеттер тұрғанын айта кету керек – деді Ақмола облысы бойынша» Азаматтарға арналған үкімет » филиалының директоры Ерлан Дауылбаев.